«Челси» клубтық әлем чемпионатында қанша ақша тапты?

«Челси» клубтық әлем чемпионатында қанша ақша тапты?
Футбол

Газет МИГ

АҚШ-та өткен 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатында ағылшындық «Челси» командасы сенсациялық түрде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Турнир басталмай тұрып, мамандар басты фаворит ретінде Францияның ПСЖ клубын атаған еді. Алайда финалда лондондық ұжым париждіктерді 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Финалдағы жеңісі үшін «Челси» 40 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Ал турнир барысында клубтың жалпы табысы 75,6 миллион долларды құрап, жиынтық жүлде қоры 115,6 миллион долларға жетті.

Еске сала кетейік, топтық кезеңде «Челси» америкалық «Лос-Анджелесті» 2:0, тунистік «Эсперансты» 3:0 есебімен ұтып, бразилиялық «Фламенгодан» 1:3 есебімен жеңілген еді. Плей-офф кезеңінде ағылшын клубы португалиялық «Бенфиканы» (қосымша уақытта – 4:1), «Палмейрасты» (2:1) және «Флуминенсені» (2:0) жарыс жолынан шығарды.