Криштиану Роналду маусым бойы барлық ойынға қатыспайды

Криштиану Роналду маусым бойы барлық ойынға қатыспайды
Футбол

Матч ТВ

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду жаңа маусымда Сауд Арабияның “Аль-Наср” клубының барлық матчынына қатысудан бас тартты. Бұл шешімді ол клубтың болашақ бас бапкері Жорже Жезушпен кеңесіп қабылдаған, деп хабарлайды Bassport.kz.

Lance басылымы саудиялық журналист Фалах әл-Қахтаниге сілтеме жасап, Роналду мен Жезуш арасындағы жеке әңгімеде футболшы өзінің жасы мен физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, енді сапалы ойынға басымдық беретінін мәлімдегенін жазады. Осы келісімге сәйкес, Криштиану маңызды емес кездесулерге қатыспайды.

Өткен маусымда Роналду бірқатар ойынды шаршағанына байланысты жіберіп алған болатын. Команда мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуді қалайды. Сол себепті жаңа маусымда ол кездесулердің шамамен 25 пайызын өткізіп алуы мүмкін. Бұл шешім Криштианудың чемпионаттар мен ірі турнирлерге, соның ішінде Әлем чемпионатына, ең жақсы физикалық күйде шығуына бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Роналдудың “Аль-Наср” клубымен келісімшарты мен жалақысы жайлы толық мәліметтер жарияланған болатын.