Қазақстан 2027 жылы УЕФА Суперкубогы немесе Конференциялар лигасының финалын өткізуге өтініш берді

Қазақстан 2027 жылы УЕФА Суперкубогы немесе Конференциялар лигасының финалын өткізуге өтініш берді
Футбол

UEFA.com

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров «Qazsport» телеарнасына берген сұхбатында еліміздің 2027 жылы УЕФА Суперкубогы немесе Конференциялар лигасының финалын өткізуге ресми өтініш жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz KFF.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, УЕФА президенті Александр Чефериннің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі ел футболының дамуына жаңа серпін бермек.

«Чеферин мырзамен өте мазмұнды әрі мағыналы сұхбат болды. Қазақстан УЕФА Конгресін 2027 жылы қабылдауға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар біз Астана немесе Алматы қалаларында Конференциялар лигасының финалы не Суперкубок ойынын өткізуге ресми өтініш бердік», – деді Омаров.

Қазіргі уақытта стадиондар құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда U-21 және U-19 жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа чемпионаттарын өткізу жоспарда бар екені айтылды.