Бублик Уимблдоннан ерте шығып қалуына байланысты ATP рейтингінде үш саты төмендеді

Бублик Уимблдоннан ерте шығып қалуына байланысты ATP рейтингінде үш саты төмендеді
Теннис

Ведомости

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінде үш орынға төмен сырғып, 34-орынға жайғасты, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Уимблдон» турнирінің бірінші айналымында жарыстан шығып қалғаны үшін Бублик 90 ұпай жоғалтты. Қазіргі таңда оның есебінде 1585 ұпай бар.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко да үш орын төмендеп, 101-сатыға сырғыды. 24 жастағы спортшының еншісінде 610 рейтингтік ұпай қалып отыр.

Бұл өзгерістер «Уимблдоннан» кейін жарияланған ATP жаңартылған рейтингінде көрсетілді.