Али Ахмедов сенсациялық нокауттан кейін «зейнетке жіберілді»

Бокс
Қазспорт
Қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (23-2, 17 КО) поляк Мацей Сулецкимен (33-3, 13 КО) жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Championship Rounds Podcast бокс подкастының жүргізушісі, Tokkerū деген лақап атпен жазатын сарапшы жекпе-жектің нәтижесіне пікір білдірді.
WBC Silver титулы үшін өткен айқас Ахмедов үшін сәтсіз басталды – алғашқы секундтарда-ақ нокдаунға түсіп, одан кейін тағы төрт рет рефери есеп ашуға мәжбүр болды. Нәтижесінде, 35 жастағы Сулецки оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
— Бұл Мацей Сулецки үшін үлкен жетістік. Бірақ енді Ахмедовтің болашағы қандай болатыны ойландырады. Алғашқы бес секундта-ақ панчер емес боксшының джебінен құлау – жақсы белгі емес. Бәлкім, карьераны аяқтайтын уақыт келген шығар? – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.