ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Түркістан Спорт Басқармасы
Астанада күрес түрлерінен ұйымдастырылған Қазақстан кубогында еркін күрестен өткен бәсеке өз мәресіне жетті. Жоғары деңгейде өткен жарыста еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар бозкілемде бақ сынап, үздіктер анықталды.
Аталмыш турнирде Түркістан облысының спортшылары да табысты өнер көрсетті. 61 келі салмақ дәрежесінде белдескен Асылжан Есенгелді мен 92 келіде күрескен Елнар Шілдебай қола медаль жеңіп алып, облыс қоржынына қос бірдей жүлде салды.
Спортшылардың бұл жетістігіне облыс құрамасының тәжірибелі бапкерлері — Қанат Тұрғараев пен Бақытжан Бердиевтердің сіңірген еңбегі ерекше. Олар шәкірттерін жан-жақты дайындап, жарысқа жоғары деңгейде қатысуына ықпал етті.
Айта кетейік, бұл жарыста балуандар тәжірибе жинап, болашақ ірі халықаралық додаларға жолдама алу үшін үлкен мүмкіндік. Түркістандық балуандардың бұл жетістігі — алдағы жеңістерге бастар жарқын қадам.