Александр Бублик алғаш рет Masters жарысының жартылай финалына шықты

Александр Бублик алғаш рет Masters жарысының жартылай финалына шықты
Теннис

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик мансабында алғаш рет АТР 1000 Masters жарысының жартылай финалына шықты, деп жазады BasSport.kz. 

Парижде өтіп жатқан АТР 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы Алекс де Минаурмен кездесіп, 6:7, 6:4, 7:5 есебімен жеңді. 

Бублик финал жолдамасын әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған канадалық Феликс Оже-Альяссиммен сарапқа салады.