Үш қазақ теннисшісі жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" жарысына қатысады
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Australian Open жарысына қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жаңа маусымның алғашқы "Үлкен дулыға" жарысы 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурнда өтеді. Турнирдің негізгі кезеңінде үш қазақ теннисшісі бақ сынайды. ITF жасөспірімдер рейтингінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай (ITF №60) мен Даниэль Тазабеков (ITF №94) беделді бәсекеде ел намысын қорғайды. Заңғар Нұрланұлы турнирдің 10-ракеткасы болып тіркелетінін де айта кету керек. Әрі үш теннисші бірге өткен жылы командалық әлем чемпионаты - жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде бірге өнер көрсеткен.
Онда Сергей Квак шәкірттері төрт дүркін әлем чемпионы Франция құрамасын жеңіп бесінші орын алған еді.