Жаңа мәлімет: Шавкат Рахмоновтың денсаулығы қалпына келіп жатыр

Жаңа мәлімет: Шавкат Рахмоновтың денсаулығы қалпына келіп жатыр
Жекпе-жек

Чемпионат

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

– Шавкаттың жағдайы тұрақты. Қазіргі кезде жаттығу үдерісін жеделдетіп жатқан жоқпыз. Бәрі жоспарға сай жүріп жатыр. Ол біртіндеп бабына келе бастады. Әзірге толыққанды жаттығуға кіріскен жоқпыз. Ең бастысы – денсаулықты толық қалпына келтіру. Шамамен бір ай көлемінде толыққанды физикалық жүктемелерге көшеміз деп ойлаймын, – деді Базров.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы кездесуін 2024 жылғы 7 желтоқсанда UFC октагонында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын.

Жанкүйерлер Шавкаттың титулдық жекпе-жекке шығуын күткен еді. Алайда жарақатына байланысты Белал Мұхаммадпен өтетін кездесуінен бас тартуға мәжбүр болды. Кейін америкалық-палестиналық спортшы аустралиялық Джек Делла Маддаленаға есе жіберіп, чемпиондық белбеуден айырылды.